
«Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысын және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды:
«Үздік медициналық ұйым» аталымы бойынша:
Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті – 2-орын;
Талғар және Ұйғыр аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары – 3-орын;
«Үздік тіл маманы» аталымы бойынша:
Дүншебаева Гүлжан Нұрбекқызы Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы – 2-орын;
«Даналық» аталымы бойынша:
Жетенова Әйгерім Санатқызы Қонаев қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы – 3-орын.