
АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2026
2026 жылғы 8 мамырда Департамент басшысы М. А. Исмаилов Департамент басшысының орынбасары А. Т.Раймбековамен, бөлім басшысы А. Н. Қожабековамен бірлесіп балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндіруге қатысты жазғы сауықтыру лагерінің өкілін қабылдады.
Қабылдау кезінде жазғы маусымдық сауықтыру лагерлеріне қойылатын талаптарды, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу рәсімдері мен тәртібін, медициналық қызметті лицензиялауды түсіндіре отырып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.