
ВАКЦИНАЦИЯ - ИНФЕКЦИЯЛАРМЕН КҮРЕСТІҢ ЕҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ!
Вакцинация – өзіңізді, балаларыңызды және бүкіл қоғамды жұқпалы және кейбір жұқпалы емес аурулардан қорғаудың сенімді әдісі. Вакцинациялардың арқасында бүкіл әлемде миллиондаған адамдар дифтерия, полиомиелит, В гепатиті, менингит, пневмония және жатыр мойны обыры сияқты қауіпті аурулардан қорғалған.
Қазақстанда Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде вакцинация тегін жүргізіледі.
Ұлттық иммундау күнтізбесі біздің елімізде 1998 жылдан бері қолданылып келеді және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес үнемі жаңартылып отырады.
Мемлекеттің дәйекті иммундау саясатының арқасында, Қазақстан соңғы 34 жылда елеулі табыстарға қол жеткізді:
- эпидемиялық паротит сырқаттанушылығы 100 еседен астам төмендеді: 1990 жылы 12 000 жағдайдан 2024 жылы 100 жағдайға дейін;
- А вирусты гепатиті 32 еседен астам төмендеді (73 мыңнан 2000 жағдайға дейін);
- В вирусты гепатиті 92 есе төмендеді (5000-нан 50 жағдайға дейін);
- сіреспе ауруының саны 13-тен 2-ге дейін азайды;
- қызамықпен ауырғандар саны 24 мыңнан 11-ге дейін төмендеді;
- полиомиелит (1996 жылдан бастап) және дифтерия (2009 жылдан бері) жағдайлары тіркелмеді.
Бұл вакцинацияның шынайы қорғауды және өмірді сақтайтынын көрсететін өте маңызды нәтижелері болып табылады.