
«TURǴYNDAR AMANATY» жобасы аясында өңірлік семинар-форум өтті
2026 жылғы 21 сәуірде Қонаев қаласында «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы аясында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты өңірлік семинар-форумға облыстық СЭБД және оның Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар аудандық, Алатау және Қонаев қалалық басқармалары басшылары қатысты.
Семинар-форумда Алматы облысының әкімідігі, «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы, Алматы облыстық мәслихаты, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Алматы облысы Полиция департаменті, пәтерлер меншік иелерімен бірлесіп үйлерді басқаруға қатысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Семинар-форум құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыстаумен, партия қатарына қабылдау рәсімімен және халықты қабылдаумен аяқталды.