
Еуропалық иммундау апталығы
2026 жылғы Иммундаудың дүниежүзілік апталығы, «Вакциналар әрбір ұрпақ үшін жұмыс істейді» деген ұранмен өтеді, ол вакцинацияның жылдар бойы адамдарды, отбасыларды және тұтас қауымдастықтарды қауіпсіз қорғағанын еске салуға бағытталған, сондай-ақ ол біздің болашағымызды қорғаудағы маңызды рөлін көрсетеді.
Кампанияның мақсаты — вакцинацияға деген сенімділікті арттыру және мотивацияны күшейту, сондай-ақ медициналық қызметкерлерді қолдау. Бұл оларға вакцинадан немесе оны алдын алатын аурулардан туындайтын алаңдаушылық немесе қорқыныш білдіретін адамдар мен отбасылармен ашық әрі жанашыр қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Вакцинация — медицина тарихындағы ең қуатты құралдардың бірі. Соңғы жарты ғасырда вакциналар 150 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалды. Бұл өздігінен болған жоқ, бұл — жақындарын қорғау үшін қабылданған миллиондаған адамдардың саналы шешімдерінің нәтижесі. Елестетіп көріңіз: 50 жыл бойы әр минут сайын 6 адамның өмірі сақталып келеді. Сондай – ақ, вакцинацияны таңдау сәби өлімін 40%-ға төмендетуге және ондаған миллион баланы мүгедектіктен сақтауға мүмкіндік берді.
Малярия, адам папиллома вирусы (HPV), холера, денге, менингит, респираторлық-синцитиалдық вирус (RSV), Эбола және маймыл шешегіне қарсы жаңа вакциналар одан да көп адамның өмірін сақтап қалуда. Қазіргі отбасылар бұрынғы ұрпақтарға қолжетімсіз болған ғылыми жетістіктердің игілігін көруде. Вакциналарды әзірлеу мен жеткізу әдістерінің үнемі жетілдірілуі арқасында балалар, жасөспірімдер және ересектер бұрынғыдан да ұзақ әрі дені сау өмір сүруде.