
ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ҚАУІПСІЗ ШОМЫЛУ ЖӘНЕ ДЕМАЛУ БОЙЫНША МАМАННЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
Жаздың басталуымен демалыс орындары мен базаларға бару, су айдындарында, аквапарктерде және ашық бассейндерде шомылу халық арасында жоғары сұраныс пайда болады. Демалысты аурухана төсегімен аяқталмайтындай етіп қалай өткізуге болады?. Сондықтан жағажайға, аквапаркке, бассейнге барған кезде денсаулыққа қандай қауіп төндіреді және осындай жерлерді дұрыс таңдау маңызды. Бұл туралы Алматы облысының Бас санитариялық дәрігері –Марат Әділжанұлы Исмаилов айтып берді.
Олардың жаппай баратын орын екенін ескере отырып, ластанған суларда, бассейндерде шомылу, топырақпен жанасу, сапасыз ауыз суды, тамақ пен сусындарды тұтыну арқылы берілетін инфекциялық, паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі бар.
Ластанған су арқылы ішек инфекциялары (ротавирус, дизентерия, сальмонеллез, лептоспироз), вирустық инфекциялар (А гепатиті, энтеровирустық инфекциялар), құм арқылы паразиттік аурулар (лямблиоз, токсокароз, церкариоз немесе "Шомылушының қышуы"), бассейндер мен сауналарда (тері инфекциялары мен грибоктар; аяқтың микоздары, вирустық инфекциялар, сүйелдер, жұқпалы моллюскалар), шырышты инфекциялар (конъюнктивит, отит, урогенитальды инфекциялар) беріледі.
Инфекцияны жұқтырмас үшін жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау керек, олар:
1) тыйым салынған жерлерде, субұрқақтарда және ағынсыз суқоймаларында шомылуға болмайды;
2) шомылу кезінде суды жұтудан аулақ болыңыз;
3) шомылғаннан кейін бірден сабынмен душ қабылдаңыз;
4) қоғамдық киім ауыстыратын бөлмелерде, душ бөлмелерінде, бассейндердің айналасында, құмда жалаңаяқ жүрмеңіз;
5) жағажайдан кейін, әсіресе тамақтанар алдында қолыңызды мұқият жуыңыз;
6) таза ауыз су ішіңіз, өзіңізбен бірге әкелінген тағамның сақтау шарттарын сақтаңыз.
Егер шомылғаннан кейін температура көтерілсе, диарея басталса, бөртпе пайда болса, дереу дәрігерге қаралу керек.