АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2026

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2026

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2026

 2026 жылғы 2 сәуірде Департамент басшысы М. Исмаилов департамент басшысының орынбасары А. Раймбекованың, бөлім басшысы А. Қожабекованың, Қонаев қалалық басқармасының басшысы Н.Медетовтың қатысуларымен жеке және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді., атап айтқанда:

1) Батырбекова К. және "Білім Инвест" мүшелерімен мектепке дейінгі балалар ұйымдарына енгізілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша консультацияға алуға қатысты;

2) "Азия Газ NG" ЖШС өкілдері мен жобалау ұйымының облыстың бірнеше аудандарында ЖМҚС және Қарасай ауданындағы газ толтыру станциясы үшін санитариялық-қорғау аймағын қысқарту рәсімі мен тәртібіне түсініктеме алуға қатысты;

3) "KAZGELATIN" ЖШС өкілдері Қонаев қаласында азық-түлік желатинін өндіретін зауыт үшін санитарлық-қорғау аймағын белгілеу жобасын әзірлеу бойынша түсініктеме алуға қатысты.

Қабылдау барысында қойылған сұрақтар бірлесіп талқыланды, мектепке дейінгі ұйымдарға арналған санитариялық ережелерге енгізілген түзетулер, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен рәсімдері бойынша кеңестер мен түсініктемелер берілді.