Департаментте 8 Наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті

Департаментте 8 Наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті

Департаментте 8 Наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті

Ағымдағы жылдың 6 наурызында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің ер адамдары салтанатты түрде аруларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Облыс бойынша қызметте барлығы 183 әйел жұмыс істейді, бұл бүкіл ұжымның 77% құрайды. Оның ішінде 15 әйел көпбалалы, оның екеуі облыстық департаментте жұмыс істейді.

Салтанатты іс-шара барысында әйел қызметкерлеріне жұмыстағы ерекше үлес қосқандары үшін алғыс айтылды, сонымен қатар көп балалы аналарға кәсіподақ ұйымынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара ұжымдық фотомен аяқталды.