«Рамазан: тамақтану және денсаулық»

«Рамазан: тамақтану және денсаулық»

«Рамазан: тамақтану және денсаулық»

 

       Қасиетті Рамазан айында (Ораза кезінде) тамақтану тәртібі өзгереді. Күні бойы ауыз бекіткеннен кейін ағзаға түсетін жүктеме артады. Осы кезеңде дұрыс әрі қауіпсіз тамақтану – денсаулықты сақтаудың негізгі шарты.

       Ауызашар кезінде тағамды бірден көп мөлшерде қабылдау асқазан-ішек жолына ауырлық түсіреді. Сондықтан, алдымен жылы су, құрма немесе жеңіл тағамнан бастап, кейін негізгі асқа көшу ұсынылады. Тағам жеткілікті термиялық өңдеуден өтіп, жаңа дайындалған болуы тиіс. Бөлме температурасында ұзақ тұрған тағамды тұтыну тағамнан улану қаупін арттырады.

       Сәресіге (таңғы ас) баяу қорытылатын, құнарлы тағамдар таңдау маңызды. Ақуызға бай өнімдер, дәнді дақылдар және сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау күндізгі  әлсіздіктің алдын алады. Артық тұзды, қуырылған және тым тәтті тағамдар шөлдеуді күшейтуі мүмкін.

    Ораза уақытында жеке гигиена мен ас дайындау барысында санитариялық талаптарды сақтау ерекше маңызды. Шикі және дайын өнімдерді бірге сақтамау, тоңазытқыштағы температуралық режимді бақылау, қол тазалығын сақтау – тағам қауіпсіздігінің негізгі қағидалары.

    Созылмалы аурулары бар, жүкті әйелдер, қарттар мен балалар дәрігер кеңесін ескергені жөн. Денсаулық – аманат.

       Ораза айы рухани тазару ғана емес, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау кезеңі екенін ұмытпайық.