Тағамнан уланудың себептері

Тағамнан уланудың себептері

                                          Тағамнан уланудың себептері        

         Тағам жаңа дайындалған,  әрі қауіпсіз болып көрінуі мүмкін. Алайда, бірнеше сағаттан кейін жүрек айну, әлсіздік және іштің қатты ауыруы пайда болуы мүмкін. Көп жағдайда себеп - көзге көрінбейтін бактериялар мен олардың бөлетін уыттары. Олар тағам дұрыс сақталмаған кезде, жеткілікті термиялық өңдеуден өтпегенде және гигиенаның қарапайым ережелері сақталмаған жағдайда тез көбейеді.

Әсіресе жылы мезгілде қауіп жоғары. Салаттар, ет және сүт өнімдері, теңіз өнімдері бірнеше сағат  тоңазытқышсыз қалса, микроағзалардың көбеюіне қолайлы ортаға айналады. Сонымен бірге өнімнің сыртқы көрінісі мен иісі әрдайым қауіптілікті көрсетпейді - тағам қалыпты көрінгенімен, ішінде уыттар болуы мүмкін.

Кейде бір ғана қателік жеткілікті: шала піскен ет, шикі жұмыртқа, қайнатылмаған су немесе дайын тағамның шикі өнімдермен жанасуы. Ағза тез жауап береді: құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі, сусыздану белгілері пайда болады.

Тағамнан улану - жай кездейсоқтық емес, ағзаның қауіпті микроағзаларға қарсы қорғаныс реакциясы. Сондықтан,  қолды және тағам өнімдерін мұқият жуу, тағамды дұрыс температурада сақтау  және толық пісіру сияқты қарапайым ережелерді сақтау өте маңызды.

Ал алдын алу әрдайым емдеуден оңай.

Профилактика всегда легче, чем лечение.