Жоғары оқу орынның түлегі мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындалды

Жоғары оқу орынның түлегі мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындалды

Шұғыла Ержанқызы Жұманова, 2025 жылдың 18 маусымында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орташа өлшемді бағасы 3,39 (GPA) көрсеткішімен оқуды аяқтаған.

Осының негізде, Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бос бас маманы лауазымына, кандидаттың жеке өтініші мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің келісімімен конкурс өткізілместен тағайындалды