
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ
САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
2025 Ж. ҚЫЗМЕТІН ҚОРЫТЫНДАДЫ
2026 жылғы 9 ақпанда облыс орталығы Қонаев қаласында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің кеңейтілген кеңесі өтті, онда өткен жылы облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету қызметінің қорытындылары шығарылды және 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды.
Кеңес облыстық департаменттің ғимаратында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің тарихи портреттік галереясының ашылуы мен басшының орынбасары Муслим Маулянович Сағадиевтің Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтаудан басталды.
Кеңес жаңа нормативтік-құқықтық актілер және қызметтің өзекті мәселелері бойынша оқыту және түсіндіру семинарларымен аяқталды.