
Білім мәселелері жөніндегі салалық кеңес өтті
2026 жылғы 5 ақпанда Қонаев қ. Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында мектептер мен балабақшаларда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға қатысты 8 өзекті мәселелер қаралды.
1) білім беру және тәрбиелеу объектілерінде тамақтануды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы;
2) өңірдегі қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалы, онің ішінде балабақшалар мен мектептердегі қажетті профилактикалық шаралары;
3) маусымдық мәзірді қарау және бекіту, талаптарға сәйкестігін бағалау;
4) мемсанэпид бақылауды жүргізу, тексерулердің тәртібі, негіздері ен рәсңмдері;
5) тексерулер барысында анықталған типтік бұзушылықтарды талдау олардың алдын алу шаралары;
6) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу мәселелері, тәртібі;
7) қорытынды алуға тиіс субъектіні анықтау;
8) туындайтын практикалық мәселелерді және оларды шешудің ықтимал жолдары.
Отырыс барысында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Ә. Исмаиловпен қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, оларды шешу жолдары ұсынылды.