
Облыстық мәслихаттың отырысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелері тыңдалды
2025 жылғы 17 желтоқсанда Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ағымдағы кезеңдегі атқарған жұмыстары туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Ә. Исмаиловтың есебі тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.
Cонымен қатар, келесі жылы Алматы облыстық мәслихатының тұрақты комиссия отырыстарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қарауына ұсынылып, енгізілді.