Түсіндіру жұмыстары және құқықтық жалпы оқыту жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары және құқықтық жалпы оқыту жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары және құқықтық жалпы оқыту жүргізілді

 2025 жылдың 8-12 желтоқсан аралығында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлжан Нысанғалиқызы Аманова, ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің бас маманы Гүлжан Дунчебаева Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Ұйғыр, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына түсіндіру жұмыстары мен құқықтық жалпы оқыту жұмыстар жүргізді.

Іссапардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін түсіндіру, аудандық басқармалар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу, «ҚБПҮ» құжаттармен жұмыс істеу бойынша және Ақпараттық сақтау бойынша құқықтық жан-жақты оқыту, бұлттық құжат айналымы, Е-өтініш,  Е-Қызмет жүйелері бойынша әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсетілді.