«Ақниет» кәсіподақ ұйымының жолдамасымен Талғар ауданының маманы Қытайға барып келді

«Ақниет» кәсіподақ ұйымының жолдамасымен Талғар ауданының маманы Қытайға барып келді

«Ақниет» кәсіподақ ұйымының жолдамасымен

Талғар ауданының маманы Қытайға барып келді

«Ақниет» кәсіподақ ұйымының жолдамасымен Талғар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Перизат Жұмабайқызы 2025 жылғы 13–19 қараша аралығында Қытайдың Үрімші қаласына ресми іс-сапармен барып қайтты.

Бұл сапар ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Бір белбеу – Бір жол» халықаралық жобасы аясындағы тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-сапар барысында Үрімші қаласындағы көпсалалы мемлекеттік аурухананың жұмысымен танысып, зертханалық процестерді көрді. Зертхана талдауларды өте жылдам - 30 секундтан 1 сағатқа дейінгі уақытта дайындайтыны ерекше атап өтілді.

Ауруханада ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлініп, қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Аурухана аумағында жасөспірім қыздардан бастап қарт әйелдерге дейін диагностикалық қызмет көрсететін арнайы бөлім жұмыс істейді. Бұл бөлім заманауи медициналық аппараттармен жабдықталған, әр пациентке жеке-жеке қызмет көрсетіледі.

Бұл іс-сапар медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, озық тәжірибелерді меңгеруге, отандық денсаулық сақтау жүйесіне жаңа тәсілдер енгізуге мүмкіндік берді.