Қарағанды қ., халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Қарағанды қ., халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Қарағанды қ., халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

 2025 жылғы 28 қарашада Қарағанды қ., «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар Ұлттық орталығы» КеАҚ базасында «Жұмыс істейтін халықтың денсаулығын басқарудың инновациялық технологиялары: әр салалы тәсілдер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Бағдарламаға сәйкес конференция резолюциясын қалыптастыра отырып жеті бағыт бойынша өзекті мәселелер талқыланды және қаралды:

  1. "Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар Ұлттық орталығы" КЕАҚ тарихы және даму перспективалары;
  2. КЕАҚ клиникалық және ғылыми бөлімшелерінің жұмысымен танысу;
  3. Жұмыс істейтін халықтың денсаулығын сақтау мәселелері: кәсіптік және өндірістік-шартты аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу, оңалту;
  4. Кәсіптік тәуекелдермен жұмыс істейтін адамдар үшін медициналық тексерулер жүргізу;
  5. Қазақстан Республикасында кәсіптік патологиялық көмек пен санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты дамытудың қазіргі заманғы сын-тегеуріндері мен жолдары;
  6. Еңбек гигиенасы мен медицинасына қойылатын заманауи талаптар: жасанды интеллект технологиясын қолдану. Табиғи және жасанды талшықтарды қауіпсіз қолдану мәселелері;
  7. Еңбек гигиенасы және медицина мамандарын даярлау процесінде білім беру бағдарламаларын жетілдірудің инновациялары мен жолдары.