Туберкулез аурушаңдығы және оны тұрақтандыру шаралары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Туберкулез аурушаңдығы және оны тұрақтандыру шаралары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Туберкулез аурушаңдығы және оны тұрақтандыру шаралары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

 

          2025 жылдың 27 қарашасында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Алматы облысы санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының міндетін атқарушысы Г.Н. Аманованың төрағалығымен «Туберкулез аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық ахуал және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау шеңберінде туберкулезге қарсы қызметті талдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

          Дөңгелек үстел отырысына Денсаулық сақтау басқармасының, фтизиопульмонология орталығының, Қонаев қаласының қалалық көпсалалы ауруханасының, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.

          Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал мәселелері, бақылау сапарлары барысында анықталған туберкулез бойынша жүргізілген іс-шараларды бақылау индикаторларының көрсеткіштері және өткізілген іс-шараларды бағалау, флюорографиялық зерттеп-қарау, вакцинациялау және туберкулин диагностикасын жүргізу, туберкулез ошақтарында алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу жоспарларын сапалы жасау және уақтылы орындау жайлы талқыланды.

       Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылардың өкілдерімен медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және туберкулезбен сырқаттанушылықты азайту үшін нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.