Түсіндіру жұмыстары және құқықтық жалпы оқыту жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары және құқықтық жалпы оқыту жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары және құқықтық жалпы оқыту жүргізілді

 2025 жылдың 13-16 қазан аралығында Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлжан Нысанғалиқызы Аманова, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жамбыл Жолдасулы, ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің бас маманы Гүлжан Дунчебаева Балқаш, Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына түсіндіру жұмыстары мен құқықтық жалпы оқыту жұмыстарны жүргізді.

Іссапардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін түсіндіру, аудандық басқармалар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу, «ҚБПҮ» құжаттармен жұмыс істеу бойынша құқықтық жан-жақты оқыту, бұлттық құжат айналымы, Е-өтініш,  Е-Қызмет жүйелері бойынша әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке істеріне бақылау жүргізу. 

Шара ашық диалог және сұрақ-жауап түрінде өтті.