ҚР Жаңа Су кодексін іске асыру мәселелері қаралды
2025 жылғы 17 қазанда Балқаш-Алакөл бассейндік кеңесінде жиырма жылдық жұмыстың қорытындысын шығара отырып, су ресурстарын басқару саласындағы қол жеткізілген нәтижелер мен ағымдағы міндеттерді талқылады, сондай-ақ ҚР Жаңа Су кодексін іске асыру және бассейнді басқаруға халықаралық тәсілдерді қолдану мәселелері 41-ші мерейтойлық отырысында қаралды.
Кеңес отырысының жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, мәслихаттардың, ғылыми қоғамдастықтың, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың өкілдері, оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Бассейн кеңестерінің өкілдері қатысты.
Отырыс Бассейндік кеңестің шешімін қабылдаумен және хаттамаға қол қоюмен аяқталды.