Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша отырыс
2025 жылғы 06 қазанда Қонаев қ. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиясының жоспардан тыс отырысы өткізілді. Отырыста аудан (қала) әкімдері, облыстық департамент және басқарма басшылары, комиссия мүшелері қатысуларымен, келесі өзекті сұрақтар талқыланып, шешімдер қабылданды:
- Облыс аумағында 2025 жылғы су тасқыны қауіпті кезеңді өткізу қорытындылары туралы;
- Облыс аумағында 2025-2026 жылдардағы қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру туралы;
- Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау туралы;
- 2025-2026 жылдарға жылыту маусымына дайындық туралы;
- Газ тарату ұйымдарының газбен жабдықтау жүйесін жылыту маусымына дайындау;
- Облыс аумағында 2025 жылғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың қорытындылары туралы;
- Облыс аумағында 2025 жылғы сырғыма, селдің қауіпті кезеңді өткізу қорытындылары туралы.