15 қыркүйек - Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні
2025 жылғы 15 қыркүйекте Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалымен бірлесіп, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күнін мерекелеу құрметіне салтанатты іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ардагерлері шақырылды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент, "Ұлттық сараптама орталығы"ШЖҚ РМК филиалының басшылығы құттықтау сөз сөйледі. Кәсіби мереке құрметіне концерт ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында ардагерлерді естелік сыйлықтармен, сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің, облыс әкімінің және облыстың санитариялық-эпидемиологиялық департамент басшысының қызметін қамтамасыз етуге үлес қосқан санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын грамоталарымен марапаттау рәсімі өтті.