Жыл сайын 28 шілдеде Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл ауру денсаулық сақтаудың жаһандық қауіпті проблемасы деп танылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, әлемде шамамен 354 миллион адам В және С вирустық гепатитімен ауырады. Бауыр ауруының жиі белгісіз өтуіне орай, В гепатитімен өмір сүретін адамдардың 90%-ы және С гепатитімен ауыратындардың 80%-ы ауруды жұқтырғанын сезбейді.
Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні әлемдік қоғамдастықтың гепатиттің таралу проблемасы туралы, гепатиттің таралуын анықтауға және алдын алуға, осы аурумен ауыратын науқастарды қолдауға бағытталған бағдарламаларды мемлекеттік және халықаралық деңгейде ұйымдастыру туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Вирустық гепатиттер - әртүрлі вирустар тудыратын, бауырдың зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы аурулар тобы. Вирустық гепатиттің негізгі 5 түрі бар – A, B, C, D және E. В және С гепатиттері ең көп таралған, олар жыл сайын шамамен 1,4 миллионға дейін өлім жағдайларына әкеледі - бұл АИТВ инфекциясы мен безгекке қарағанда әлде қайда жоғары, сонымен қатар цирроз мен бауыр қатерлі ісігінің дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты гепатитпен күресудің жаһандық күш-жігері ең алдымен 2030 жылға қарай В, С және D гепатиттерімен инфекцияны жоюға бағытталған. Ол жаңа инфекциялар мен өлім-жітім санын сәйкесінше 90% және 65% - ға азайтуға бағытталған.
Республиканың гепатологиялық орталықтарында скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Отандық гепатологияда бауырдың созылмалы ауруларын, соның ішінде вирустық гепатиттерді емдеуге арналған мамандандырылған медициналық көмектің барлық түрлері бар. Сонымен қатар халықаралық мамандар денсаулық сақтаудың бастапқы желісінің осы бағыттағы оң тәжірибесіне назар аударады.
Бүкіл ел бойынша вирустық гепатиттер туралы халықтың хабардарлығын арттыру, жұқтыру мен олардың таралуының алдын алу, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір ересек адамның өз денсаулығы мен балалардың денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында акциялар өткізіледі.