2025 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының бастамасымен және «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Халықаралық аспектілер және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тағам өнімдерін импорттау және экспорттау» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шара Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылындағы «Шин-Лайн» балмұздақ өнімдерін өндіру кәсіпорнында ұйымдастырылды.
Семинарға мемлекеттік органдардың мүшелері, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы - «Атамекен» өкілдері және тағам өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлер қатысты. Іс-шара барысында тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, НАССР принциптерін енгізу, өндірістік бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ импорт пен экспорт кезінде санитариялық және техникалық талаптардың сақталу мәселелері талқыланды.
Семинар соңында қатысушыларға «Шин-Лайн» ЖШС зауытына экскурсия ұйымдастырылып, өндірістің негізгі кезеңдерімен таныстырылды. Қатысушылар жұмыс істеп тұрған цехтар мен жаңа нысандардың құрылыс алаңдарын аралап, технологиялық жабдықтау, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы және кәсіпорынның экспорттық бағыттарына ерекше назар аударды.