Qonaev - gorod KZ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
Құрмет грамотасына ие болды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесіне орай санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласын халық арасында кеңінен насихаттап, ақпараттық қолдау танытқаны үшін Qonaev - gorod KZ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Құрмет грамотасына ие болды.
2024 жылдан бастап Qonaev - gorod KZ Департаментпен серіктестікте "Денсаулық фокуста" айдары ұйымдастырылды, оның мақсаты халыққа оңтайлы денсаулық пен өмір сапасына қол жеткізуге көмектесу болып табылады.
СЭС сарапшыларынан денсаулық туралы түрлі кеңестер, ақпарат және зерттеулер ұсынылады, аурулардың алдын алу, халықтың санэпид саламаттылығын қамтамасыз ету туралы өзекті тақырыптар бойынша 60-тан астам мақала жарияланды, олардан:
43% Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және аурулар мен уланудың алдын алу шаралары туралы;
25% Мемлекеттік қызмет, функциялар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы;
22% Аналитика және сұхбаттар;
10% Халықтың хабардарлығын арттыру бойынша түсіндіру материалдары.