Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара
2025 жылғы 23 маусымда Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты түрде Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады, мемлекеттік қызметшілердің қоғамда оң имиджін қалыптасуына ықпал ететін қызметкерлер атап өтілді.
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген және мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқандары үшін:
- Оразова Жанар Абзалиевна - Департаменттің бөлім басшысы Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды;
- Сахитов Сәкен Байдуллинұлы - Алатау қалалық басқармасының басшысы;
- Сансызбай Тоғжан Серікқызы - Кеген аудандық басқармасының бас маманы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен марпатталды.