Әсел Жомартқызы Әлімжанова - 1985 жылы Алматы облысының Қапшағай қаласында туған, 2008 жылы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін "Дәрігер гигиенист-эпидемиолог" мамандығы бойынша бітірген.
2008 жылы Қапшағай қ. МСЭҚБ сангигқадағалау бөлімшесінің маманы лауазымына қабылданды, 2009 жылы жетекші маманы, кейін бас маманы болып ауыстырылды, 2024 жылғы 01 тамызда Қонаев қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
20 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі және қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін ҚР Денсаулық сақтау Министрінің, Қазақстан Республикасының, Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет агенттігінің, Қапшағай қаласының әкімі, "Мемлекеттік тіл - қызмет тілі" республикалық конкурста ІІ орын үшін ҚР ДСМ құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапатталған.