«Жұқпалы сырқаттанушылықты тұрақтандыруға бағытталған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, тиісті құжаттарды рәсімдеу» тақырыбында оқыту семинары өткізілді

2025 жылғы 29-30 мамырда Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары арасында «Жұқпалы сырқаттанушылықты тұрақтандыруға бағытталған  санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, тиісті құжаттарды рәсімдеу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинарда инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу, шұғыл хабарламаны беру тәртібі, нозология түрлері бойынша эпидемиологиялық зерттеп-қарау картасын рәсімдеу ерекшеліктері, төтенше жағдайлар туралы мәліметтерді ұсыну және жұқпа ошағын оқшаулауға бағытталған шараларды ұйымдастырып, жүргізу мәселелері қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша туындаған сұрақтар өзара талқыланып, түсіндірілді.