Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің тарихы 1938 жылы Алматыда алғашқы санитарлық-эпидемиологиялық станция ашылған кезден басталады. Әрі қарай, 1943 жылдан 1950 жылға дейін Алматы безгек станциясы (басшысы Иванов Борис Леонидович), 1950 жылдан 1956 жылға дейін облыстық денсаулық сақтау бөлімінің жанындағы Мемлекеттік санитарлық инспекцияcы құрылды және жұмыс істеді (басшылары Степанова Елизавета Матвеевна, Козлова Нини Васильевна, Голубенко Валерия), ал 1957 жылы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станция қайта құрылды.
1957 - 2022 жылдар аралығында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері: Мейер Евгений Федорович (1957-1981 жж), Соломатин Владимир Григорьевич (1981 – 1991 жж.), Дерновой Анатолий Григорьевич (1991-1994 жж), Шеянов Виталий Николаевич (1994-1997 жж), Талкимбаев Ануар Казиханұлы (1997-2001жж), Дурумбетов Еркін Ермекұлы (2001-2005 жж.), Сыдыманов Ерғали Жақсыбекұлы (2005-2019 жж., 2020-2022 жж.), Баймухамбетов Қайрат Қажыманұлы (2019-2020жж.) қызметтерін атқарған.
Кейін олардың арасынан үшеуі Республикалық СЭС бас дәрігерлері (Мейер Е. Ф., Шеянов В. Н., Дурумбетов Е. Е.); біреуі - “Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы” филиалының басшысы (Сыдыманов Е.Ж.); біреуі - ҚР ДСМ Мемсанэпидқадағалау комитетінің төрағасы (Талкимбаев А. К.); екеуі – Денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері (Дерновой А. Г., Дурумбетов Е. Е.); біреуі - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (А. Г. Дерновой) болған.
Бұдан басқа, облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға санэпидқызмет ардагерлері - Күштекова Зинаш Көпжасарқызы, Алипбаева Ғалия Жұмабаевна, Доспанов Еркін Қасымұлы, Молдахметов Талғат Беғалиұлы, Хасенов Мүхаметхан Нурхаметұлы, Рахмаев Тиляпжан Ашимович, Мүқажанов Қапар Жұмаханұлы, Ережепова Фарида Сүлейменқызы, Тохметов Мұзапархан Разакович және басқалары жеке зор үлестерін қосты.
2022 жылдың тамыз айында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңадан құрылған облыс орталығы Қонаев қаласына ауыстырылды. Бұрынғы Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласынан жаңадан құрылған облыс орталығы Қонаев қаласына Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Әділжанұлы Исмаиловтың басшылығымен қызметтің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін алғашы болып Н. Молдабекова, А. Жексембай, Г. Таласпаева, Ж. Оразова, А. Райымбекова, Ж. Исаева, А. Жексембекова, И. Күнбасова, Н. Жүніс, М. Ыдырыс, Ж. Акимжанова ауысты.
Осы кезде Департамент орталық аппарат пен 9 аудандық және 2 қалалық басқармаларымен жалпы штаттық саны 204 қызметкерден құрылған.
Ұрпақтар сабақтастығы ретінде облыстық департаменттің, аудандық және қалалық санэпидбақылау басқармаларының білікті мамандары қызметті жоғары дәрежеде жалғастыруда: Департамент басшысының орынбасарлары Сағадиев Муслим Маулянович, Аманова Гульжан Нысанғалиқызы, Капсаламова Сәулет Баймухамбетқызы, аудандық, қалалық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері Сатыбекова Айгуль Мадьярқызы, Пичкунов Константин Вячеславович, Успанов Бексұлтан Манарбекұлы, Азербаев Миржан Амангелдыұлы, Маратұлы Болат, Медетов Нариман Орынбасұлы, Жанболатұлы Солтанбек, Құрабаев Ернур Жүмаханұлы, Абдукаимова Ғазиза Абдимүратқызы, Сахитов Сәкен Байдуллинұлы, Автахунов Шахмурат Маратұлы жеке зор үлестерін қосуда.
Жалпы, облыстың санэпидқызмет мамандары мен ардагерлерінің арасында 1 "Қаз ССР еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1 медицина ғылымдарының докторы, 4 медицина ғылымдарының кандидаты, "Құрмет", "Парасат", "Шапағат", «Еңбек ардагері», Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен наградтталған және 2003 жылы ауылдан келген алғашқы гигиенист-ғалым бар.
11 "Халық алғысы" медалінің, 9 денсаулық сақтау үздігі, 11 – денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық төсбелгілерінің иегерлері, 2 қызмет ардагері Райымбек, Жамбыл және Балқаш аудандарының Құрметті азаматтары болып табылады.