АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2025

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ – 2025

2025 жылғы 02 маусымда Департамент басшысы М. Ә. Исмаилов, басшының орынбасары М.М. Сағадиевтің қатысуымен түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды келісу тәртібіне қатысты металл өңдеу зауыты өкілдерінің жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау кезінде "Екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" ҚР Үкіметінің                2024 жылғы 14 маусымдағы №473 Қаулысы,  ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы    № ҚР ДСМ -220/2020, 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ -2 бұйрықтарында көзделген санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді, қойылған сұрақтарға жауап берілді.