«Өрт -2025» Республикалық штабтық оқу-жаттығуларына қатысты
2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында Іле ауданындық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандарымен бірлесіп, «Өрт -2025» республикалық штабтық оқу-жаттығуларына қатысты. Өткізілетін оқу-жаттығулар шеңберінде және төтенше жағдайлар туындаған кезде қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау қызметінің басқа Азаматтық қорғау қызметтерімен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды, сондай-ақ қызметтің төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді.