Меню

Страницы

Статья

Интернет арқылы үй тамақтарына тапсырыс берудің қаупі қандай?

Үй тамақтарына онлайн тапсырыс бере отырып, біз қандай тәуекелге барамыз❓
Үй жағдайында дайындалған тамақтарды (торттар, тәтті нандар, суши, чебурек, нан-тоқаш өнімдері және басқалары) әлеуметтік желілер арқылы өткізу жыл сайын қарқынды дамуда. Себебі өте айқын: қазіргі адамдардың көпшілігі өмір темпі өте қарқынды болып негізді саналатын қалаларда өмір сүреді. Қалалық абыр-сабырдың әсері бәрінен байқалады, тіпті тамақтануда да. Уақыттың тығыздығына байланысты, тапсырыс беріп тамақтану әдетке айналуда. Бірақ, әлеуметтік желілірден тағамға тапсырыс берер алдына, оны қайда, қалай және кім дайындайтыны жайлы ойлаңыз. Мүмкін өнімді лас үй-жайда, дайындауға қажет қарапайым жағдайлар жоқ, шикі және дайын өнімдерді бір ыдыста, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді пайдаланады және т.б. Ал тамақты дайындайтын адам бактериятасымалдаушы болуы немесе жұқпалы аурулармен науқастанып, сізге және сіздің балаларыңызға зиян келтіруі де мүмкін. Өйткені оның орын алмауына Сізде ешқандай кепілдік жоқ қой.
Сіздің және сіздің балаларыңыздың денсаулығымен тәуекел етуге тұра ма?
Егер сіз ауырып қалсаңыз және оған желі арқылы тапсырыс берілген тағам себеп болса, әлеуметтік желідегі белгісіз тұлға жауапкершілікке тартыла ала ма?
Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар❗

Дата публикации
19 июля 2021
Дата обновления
19 июля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 июля 2026
Назар аударыңыз: аймақтағы кенелердің жоғары белсенділігі
Мақалалар
20 июля 2026
Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айттыy
Мақалалар
20 июля 2026
Қауіпсіз суши сападан басталады: СЭБД ұсыныстары

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты