Меню

Страницы

Статья

"Гигиенист кеңестері" айдары: Балықты қалай дұрыс таңдау керек?

Балық – ең пайдалы тағамдардың бірі. Балық оңай сіңірілетін ақуыздың, микроэлементтердің, дәрумендердің көзі, дегенмен балықтағы  полиқанықпаған май қышқылдарынан тұратын және ағзаға толық сіңетін май (омега 3 және омега 6)  ең құндысы болып табылады.

Омега-3 қанықпаған май қышқылдарының негізгі тағамдық көзі – теңіз балығы (әсіресе тамақ тізбегінің төменгі сатысында тұрған ұсақ балықтар: скумбрия, анчоус, сардина және майшабақ, сонымен қатар тунец және форель), балық майы және теңіз өнімдері.

Ағзада омега-3 деңгейі жеткілікті болу үшін, сау адамға аптасына екі рет балық жеу жеткілікті.

Бөлек өнім ретінде және балық өнімдерін өндірудің негізгі шикізаты ретінде балық толыққанды жануар ақуызының көзі болып табылады және емдік және диеталық өнім ретінде жоғары бағаланады.

Сапалы және қауіпсіз балық пен балық өнімдерін қалай таңдауға болады?  Міне, бірнеше кеңестер:

Балғын, жаңа ауланған балықты таңдау кезінде мынаған назар аударыңыз:

  • Балықты ұстап көргенде балықтың беті тығыз, серпімді, құрғақ емес, ылғалды болуы қажет. Егер балық балғын болса – саусағыңызбен арқасын басқан кезде шұңқыр тез жоғалып кетеді.
  • «Балық» иісі тым күшті болмауы тиіс, балғын балық бөгде иіссіз және иісі «сәл тәттірек» болады, аммиакты иіс және күйіп кеткен майдың иісі бар болса -  мұндай балық рұқсат етілген мерзімінен ұзақ сақталған.
  • Балғын балықтың қабыршағы тегіс, қаңқасына тығыз жабысқан, жылтыр және жұқа мөлдір шырышты қабатпен жабылған, ал бүлінген балықта – бозғылт түсті болады.
  • Балықта қанның іздері болмауы қажет. Балғын балықтың көзі мөлдір, таза, ылғалды және шығыңқы болады, ал көзі ішіне қарай түсіп кеткен және бұлыңғыр түсті болса – ескіргеннің белгісі, егер көзі мыжырайған, құрғақ болса – онда сатып алудан бас тартқан дұрыс.
  • Балықтың желбезектері қызыл және айқын түсті, ал майшабақ немесе скумбрияның желбезектері – қызыл қоңыр түсті болуы тиіс. Сұр, бозғылт қызғылт немесе тым күңгірт түсті, сондай-ақ желбезектеріндегі ақ түсті шырыш болса – бұзылған балықтың белгісі.
  • Жабысқан немесе зақымдалған жүзбеқанаттар – балықтың дұрыс сақталмағандығын дәлелдейді. Қарны үрленбеген, оның бетінің түсі сары, сондай-ақ жасыл дақтарымен болмауы тиіс, бұл бұзылған балықтың сенімді белгісі.

Мұздатылған балықты таңдау кезінде келесілерге назар аударыңыз:

  • Мұздатылған балық жылтыр мұзды қабатпен жабылып, мұз беті біркелкі болуы қажет, мұз бетінің тегіс еместігі және мұзды өсінділері - оның қайта мұдатылғанын білдіреді.
    • Денесі тығыз, жұмсармаған және көзге көрінетін зақымданулардың белгілерінсіз болуы тиіс. Егер балықтың пішіні өзгеше болса, онда балықты бірнеше рет мұздатқан болуы мүмкін.
    • Ақ дақтар  асыра мұздатылған балықта пайда болуы мүмкін, ал кейбір жерлеріндегі түсіп қалған қабыршақтар және «арып кеткен» қарын болуы, оның мұздатуға дейін балғындығын жоғалтқанын айтады.

Балық консервілері ше? Таңдау кезінде ең маңыздысы – құтыны қарап шығу, заттаңбасын зерделеп, қақпағындағы ойып немесе басылып жазылған таңбалауын анықтап алу қажет.

Құтының сыртқы түрі - ақаулары, дүмпиюі, ойықтары және тат дақтары болмауы тиіс. Құтыда ақау, тат басқан болса - онда оны дұрыс сақтамаған және дұрыс тасымалдамаған. Бұл өнім қауіпті болуы мүмкін.

Таңбалау- анық, жеңіл оқылатын, шынайы әрі жаңылыстырмайтын болуы тиіс. Балық өнімінің қаптамасындағы ақпарат мемелекеттік және орыс тілдерінде және техникалық реламенттерде көзделген міндетті талаптар болуға тиіс: балық өнімінің атауы, құрамы туралы ақпарат, дайындаушының, импортердің атауы және орналасқан жері, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, тағамдық құндылықтар көрсеткіштері, ГТА болуы туралы мәліметтер, ЕАС белгісі.

Таңбалауды зерделеу кезінде назар аударыңыз, балық өнімдерінің атауында көрсетілуі тиіс: тағамдық балық өнімдері түрлерінің атауы (мысалы, «балықтың аспаздық жартылай фабрикаты», «балық консервісі»); су биологиялық ресурсы түрінің немесе акваөсіру объектісінің зоологиялық атауы (мысалы, «Атлант скумбриясы»); бөлшектеу түрі (мысалы, «треска жұмсақ еті», «минтай арқасы», «майшабақ ұшасы»); өңдеу түрі (мысалы, «пастерленген», «маринадталған», «қалпына келтірілген»).

Балық консервілерінде қосымша болуы керек:

- тағамдық балық өнімдерін өндіру кезінде уылдырық шашқандағы өзгерістері бар балықты пайдалану туралы ақпарат;

- банкалардың сыртқы бетіне басу әдісімен немесе кетпейтін бояумен: өнімді өндіру күні; ауысым нөмірі (бір сан) және балық өнеркәсібінің индексі («Р» әрпі) жазылады;

Сондай-ақ бар болған жағдайда - ассортименттік белгі (1-ден 3 белгіге дейін – сандар немесе «Р» әрпінен басқа әріптер) және дайындаушы кәсіпорынның нөмірі (1-ден 3 белгіге дейін - сандар мен әріптер).

Балықтың құнды қоректік, диеталық және тіпті дәрілік қасиеттері ағзаға оңтайлы әсер етіп, тек пайдасын тигізеді. Сондықтан Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тамақтану рационына пайдалы және дәмді тағамды – балық пен балық өнімдерін мүмкіндігінше жиі қосуды ұсынады!

Дата публикации
23 апреля 2021
Дата обновления
23 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
18 августа 2025
Вирустық «А» гепатиті: нені есте сақтау керек?
Ақпарат
01 июля 2025
Сальмонеллез және оның алдын алу шаралары
Талдамалық мақала
26 мая 2025
Басшының этикасы тиімді мемлекеттік басқарудың негізі ретінде

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы