2025 жылы облыс бойынша Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің аумақтық басқармаларының бақылауында – 7 жазғы сауықтыру ұйымдары (бұдан әрі - ЖСҰ) тұр, оның ішінде:
- маусымдық – 5 (Ақтөбе қ. – 3 («Шұғыла», «Campit», «Нефтяник»), Қобда ауданы – 1 («Әлия»), Хромтау ауданы -1 («Мугоджары»));
- жыл бойы жұмыс жасайтын – 2 (Ақтөбе қ. -1 «Әсем», Алға ауданы -1 «Күншуақ»).
Айта кетсек, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес эпидемиялық мәні жоғары объектінің рұқсат беру құжаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болып табылады делінген. Қала сыртындағы лагерьлер санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет.
Қазіргі таңда жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлердің СЭҚ бар. Ал маусымдық лагерьлерге санитариялық-қорытынды алу үшін өтініштер келіп түсуде.
Жоғарыда баяндалған негізінде, жазғы демалыс кезінде балалардың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Департамент келесідей ұсыныстар береді: