Демалыс орындары (жағажайлар) иелерінің назарына!

Демалыс орындары (жағажайлар) иелерінің назарына!

Демалыс орындары (жағажайлар) иелерінің назарына!
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес демалыс базалары мен орындары эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осы объектілерге рұқсат құжат –халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге объектінің сәйкестігін куәландыратын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз объектілерді пайдалануға беруге тыйым салынады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
«Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі. Заңды немесе жеке тұлға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:
- электрондық құжат нысанында электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті;
- зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесін жолдайды (Суды зерттеу: бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер, топырақты паразитологиялық зерттеулер).