2025 жылғы 28 сәуірінде Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "Атамекен"өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Ақтөбе қалалық кәсіпкерлік бөлімі, Ақтөбе қаласы "Астана" және "Алматы" ауданының әкімдігі өкілдері қатысуымен Ақтөбе облысындағы тағам объектілері кәсіпкерлік субъектілеріне (қоғамдық тамақтандыру,тағам өнеркәсібі,сауда объектілеріне,базарлар) "Тағамнан уланудың алдын алу", қолданыстағы санитариялық қағидалардың ең маңызды талаптарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырып өткізді. Семинар барысында тағамнан уланудың алдын алу, таралу жолдары жөнінде айтылды. Семинар мақсаты - облыс тұрғындары арасында жаппай тағамнан уланудың алдын алу. Қойылған көптеген сұрақтарға жауаптар берілді.