Мектеп асблоктарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық қағида талаптары және оқушылар арасында тағамнан уланудың алдын-алу туралы

Мектеп асблоктарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық қағида талаптары және оқушылар  арасында тағамнан уланудың алдын-алу туралы

Мектеп асблоктарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық қағида талаптары және оқушылар арасында тағамнан уланудың алдын-алу туралы семинар өтті

2025 жылдың 23 сәуірінде Ақтөбе облысының білім басқармасы және Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен (бұдан әрі - Департамент) бірлескен бұйрыққа сәйкес «Мектеп асблоктарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық қағида талаптары және оқушылар арасында тағамнан уланудың алдын-алу» тақырыбында «Zoom» платформасы арқылы семинар өтті.
Аталған семинарға барлығы 200 - ден астам Ақтөбе қаласының және аудандарының мектеп директорлары, сонымен қатар облыстық, аудандық білім бөлімінің мамандары, мектеп асханаларын жалға алушы жеке кәсіпкерлер мен қызметкерлер қатысты.
Семинарға Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Б.М.Мырзалы қатысып, баяндама жасады.
Семинар барысында республика бойынша тіркелген жаппай тағамнан улану жағдайлары және орын алған санитариялық қағида талаптарының бұзушылықтары, сонымен қатар анықталған бұзушылықтар бойынша қолданылған әкімшілік шаралар туралы баяндалды.
Сонымен қоса қолданыстағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» және ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар талаптары, оның ішінде балалардың тамақтануы, ас мәзірді құру бойынша, қызметкерлерге қойылатын талаптар және т.б. сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.
Семинар соңында Департаменттің бөлім басшысы Б.М.Мырзалы кәсіпкерлердің назарын талқыланған тақырыптың маңыздылығына аударып, мектеп асханаларында санитариялық қағидалардың сақталуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін айтты.