Масс-медиа туралы құқықтық оқыту

Масс-медиа туралы құқықтық оқыту

2025 жылы 17 ақпан күні Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, департаменттің сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары үшін Zoom платформасында 2025 жылдың 01 қаңтарында заңды күшіне еңген «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында құқықтық оқыту өткізді.

«Масс-медиа туралы» Заңы масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Құқықтық оқыту барысында Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманымен  департаменттің сондай-ақ қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне сөз бен шығармашылық, ақпаратты алу және тарату бостандығы, Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасы, масс-медиа қызметінің негізгі мақсаттары, қағидаттары және міндеттері, масс-медианың таралу тілі, масс-медиа өнімін тарату, интернет-басылым, шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратқаны үшін жауаптылықтан босатылатын жағдайлар және де мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік желіде жеке парақшасын жүргізу туралы түсіндірілді.