Жаңа жылдық мереке қарсаңында тұтынушыларға тамақтан уланудың алдын алу мақсатында келесі алдын алу шараларын сақтауды ұсынамыз:
- белгіленбеген сауда орындарында, қолдан, көшелерде тамақ өнімдерін сатып алмау;
- үйде дайындалған өнімдерді сатып алмаңыз (консервіленген өнімдер, "үйде жасалған" ет және балық өнімдері және т. б.);
- азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде қаптаманың тұтастығына, дайындалған күніне, жарамдылық мерзіміне, сақтау шарттарына назар аударыңыз;
- жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сатып алмаңыз;
-тағам дайындау барысында жеке бас гигиенасын сақтаңыз;
Өкінішке орай, соңғы уақытта көптеген адамдар әлеуметтік желілер арқылы үй жағдайында дайындалған тағам өнімдеріне (торттар, тоқаштар, суши, чебуректер,салаттар, нан өнімдері және т.б.) тапсырыс беруді әдетке айналдырған, себебі бұл ыңғайлы және кафе немесе мейрамханаларға тапсырыс бергеннен әлдеқайда арзан.
Жеткізуден алынған тамақ адам денсаулығына қауіпті, тамақтан улануды, соның ішінде ботулизм ауруларын тіркеу қаупі бар.
Тағамнан улануға күдік туындаса тез арада қажетті медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгіну қажет, өздігіңізден ем алмаңыз.