Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысын 2023 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша тыңдау

Шалқар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысын 2023 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша тыңдау

2023 жылдың 10 қазанында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысы төрағалығымен бекітілген кестеге сәйкес, 2023 жылдың 9 ай жұмыс қорытындысы бойынша Шалқар аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының есебін тыңдадым

Тыңдау барысында, аумақтың санитариялық эпидемиологиялық жағдайы, басқармалар қызметінде туындаған мәселелі сұрақтар қаралып, шешу жолдары белгіленіп, бірқатар ескертулер мен ұсыныстар енгізілді.

Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша Шалқар ауданында мәселелі сұрақтарды шешу бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс шараларды жандандыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, індетке қарсы эпидемиологиялық іс-шаралар уақытылы жүргізу, мақсатты топтағы контингентті профилактикалық екпелермен қамтудың оңтайлы деңгейге қол жеткізу, тексеру кестесінің орындалуы, объектілердің санитариялық қорғау аямақтарының сақталуы, аумақта сапалы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу бойынша басқарма басшысына бірқатар тапсырмалар берілді.