Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы бойынша құқықтық оқыту

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы бойынша құқықтық оқыту

         Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 17 тамыздағы заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысына сәйкес, 2023 жылдың 06 қыркүйекте Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық басқарма мамандарына арналған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және «E-otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өндеу бірыңғай платформасы туралы құқықтық оқыту өткізілді (Zoom платформасында).

         Құқықтық оқыту барысында әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес келмейтін жүйелік қателерді және әкімшілік рәсімдерді қозғау ерекшеліктері, әкімшілік істерді қарау тәртібі туралы баяндалды.

         Өтініштер санаттарының саралануын, оларды қайта бағыттау тәртібімен және өтініштер мен шағымдарды қарау кезінде тыңдау рәсімін жүргізу тәртібі түсіндірілді.