Темекі шегу профилактикасы

Темекі шегу профилактикасы

Темекі шегу – адамға кері әсер ететін ең қауіпті әдеттердің бірі. ДДҰ сарапшыларының бағасы бойынша темекі шегу ерте өлім жағдайларының басты себептерінің бірі болып саналады.

Темекі шегу адамның  барлық органдарына кері әсерін тигізеді, яғни:

  • тыныс алу органдарының бұзылуына;
  • систологиялық және дистологиялық қан қысымының көтерілуіне;
  • онкологиялық аурулар дамуының тәуекелі туындайды;
  • адамның жүйке жүйесіне, ақыл-ой қызметіне әсерін тигізеді;
  • жүрек-тамыр жүйесінің күйзелуіне, жүректің ишемиялық, миокард инфарктісі, гипертониялық және атеросклероз ауруын дамытады;
  • асқазан-ішек трактісі ауруын тудырады;
  • ауыз қуысының шырышты қабаты тітіркеніп, қызыл иектер борпылданады, қансырайды, тіс эмалі зақымданып, босаңсиды, бұл тістің түсуіне және қызыл иектердің қабынуына алып келеді.

Зиянды әдеттен арылуға арналған профилактикалық шаралар денсаулықтың жақсаруына көмектеседі. Темекі шегудің алдын алу шаралары кешенді және салауатты өмір салтын насихаттауды  қамтуы тиіс.

Спорт және дене шынықтыруды насихаттай отырып, сіз өскелең ұрпақтың зиянды әдетке шалдығуының алдын аласыз. Егер сіз темекі шегетін болсаңыз, сіздің балаңыздың ерте не кеш қолына темекені алуы мүмкін. Сондықтан мұндай зиянды әдеттен арылу қажет.

Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау департаменті