Коронавирус адамнан адамға ауа арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде) 2 метр қашықтықта, сондай-ақ науқас пайдаланған тұрмыстық заттар, санитариялық –дезинфекциялық режим сақталмаған жағдайда әртүрлі заттар арқылы жұғады. Сонымен бірге тамақ, су арқылы жұғу жолы жоққа шығарылмайды.
Коронавирус инфекциясының тасымалдаушысы –ауруға шалдыққан адам.
Коронавирус инфекциясының негізгі симптомдары: құрғақ жөтел, бұлшық еттің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі, кей кездері іш өтуі байқалады.
Инкубациялық кезеңі (жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері пайда болғанға дейін) 14 күн.
Коронавирус инфекциясының алдын алу жолдары:
- мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге бармау;
- респираторлық аурулардың белгілері бар адамдарға жақындамау (2 м.қашықтық);
- кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ алдында қолды сабынмен мұқият жуу.
- құрамында спирті бар салфеткаларды пайдалану;
- сыртта жүргенде адам қолымен көзін, аузын, мұрнын ұстамау;
- жөтелу, түшкіру этикасын сақтай отырып, беторамалмен ауыз бен мұрынды жабу немесе жөтелгенде шынтақты бүгу;
Жіті респираторлық инфекцияның немесе белгілері байқалған кезде, бірден медициналық жедел жәрдем көмегіне жүгініп үйге шақыру қажет, жедел жәрдем бригадасы келгенше алдын алу шараларын сақтаңыз (өзге адамдарға жақындамаңыз, жөтелу әдебін сақтаңыз, маска кию, өз бетіңізше емделмеңіз).