Құтырма ауруының алдың алу

Құтырма ауруының алдың алу

         Ақтөбе облысында  2023 жылдың 4 айында  құтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы, адамдар арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ.

         Ақтөбе облысында адамдардың құтыру ауруымен ауырған соңғы жағдайы 2017 жылы тіркелді (Ойыл ауданы).

         Құтырма – жылы қанды жануарлар мен адамдардың жүйке жүйесін зақымдайтын және  өліммен аяқталатын жедел вирусты жұқпалы ауру.

         Ауру таратушылар – барлық жылы қанды жануарлар – жабайы ет қоректі аңдар (қасқыр, түлкі және т.б.), үй жануарлары (ит, мысық, сиыр, жылқы және т.б.) болып табылады.

         Вирус адамдарға құтырған жануарлардың тістеуінен, тырнауынан немесе сілекейлеген кезінде жұғады. Құтырма вирусы жабайы жануарлар арасында айналымда болады. Ауылшаруашылығы малдары мен ит, мысықтарды зақымдайтын жабайы ет қоректі жануарлар (қасқыр, түлкі) тамақ іздеу мақсатында елді-мекендерге кіру жағдайлары қысқы, күзгі уақыттарда жиі кездеседі. Сол себептен ауыл тұрғындары сақ болулары қажет. Үй жануарларын, мысық пен иттерді жабайы жануарлар тістегенде ветеринарлық дәрігерге қарату қажет.

         Құтырма ауруының алдың алу мақсатында жыл сайын ауылшаруашылығы малдары мен ит, мысықтарды құтырмаға қарсы егу жүргізіледі. Сонымен қатар, қаңғыбас ит, мысықтарды аулау жүргізіледі.

        Облыстық ветеринарлық қызмет мәліметі бойынша облыста құтыру ауруының алдын алу мақсатында ағымдық жылдың 4 айында  5316 ит ауланған.

         Жануарлардың арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ.

        Облыстың емдеу-профилактикалық мекемелеріне жануарлардың тістеуінен, тырнауынан және сілекейленуінен зардап шеккен 502 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 229 бала 18 жасқа дейінгі. Ағымдық жылдың 4 айында халықтың антирабиялық көмекке жүгінуі 2022 жылдың 4 айымен  салыстырғанда 94 жағдайға төмендеген.       

        502 жарақаттанушының 344-і иттерден, 130-ы мысықтардан, 7-і  түлкіден жылқыдан, 4-і ірі қара малдан, 4-і жылқыдан және 13-ы басқа жануарлардан зардап шеккен.

       Құтырмаман ауырған адам сауықпайтынын, бірақ антирабиялық егулерді уақытында алу арқылы аурудың алдың алуға болатынын есте сақтау қажет!

       Кез-келген жануарлардың тістеуінен, тырнауынан, сілекйленуінен зардап шеккен адам, тез арада сол жердегі дәрігерге көрінуі тиіс. Сырттай дені сау жануар тістеп немесе тырнап алған жағдайда да дәрігерге қаралу керек.

       Алдын алу емдеуді тістегеннен қейін тез арада басталуы шарт. Дәрігер тағайындаған емдеу курсын толық алу қажет, егуді үзуге болмайды. Егулер ауырмайды, әрі жеңіл түрде өтеді.