
Күкіртсутек (күкіртті сутек, дигидросульфид) - шіріген жұмыртқаның (шіріген ет) иісіне тән жағымсыз ауыр иісі бар түссіз газ. Өте улы.
Күкіртсутегінің аз мөлшері бар ауамен демалғанда бас айналуды, бастың ауруы, жүрек айнуы, құсуды тудырады, ал айтарлықтай концентрацияда комаға, құрысулар, өкпенің ісінуіне және өлімге әкеледі. Жоғары концентрациядағы ауаны бір рет жұтқанда лезде өлімге әкелуі мүмкін.
Күкіртсутек табиғатта ілеспе мұнай газдарының, табиғи газдардың және жанартаулық газдардың құрамында сирек кездеседі. Күкіртті сутегімен улану улы концентрациясы > 0,006 г/м3 аумақта ұзақ уақыт болғанда немесе газ мөлшері 0,3-0,5 г/м3 асатын үй-жайда қысқа уақыт болған кезде байқалады. Тәуекел тобына күкіртсутекті пайдаланатын кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ тау-кен және мұнай өнеркәсібінде жұмыс істейтін мамандар кіреді. Ауыр жарақаттар негізінен өнеркәсіптік апаттар кезінде, қоршаған кеңістікке бірден көп мөлшерде шығарылу кезінде улану пайда болады. Уланудың ең көп тараған себебі – тез буланып, газға айналатын сұйық токсиканттың төгілуімен жүретін өндірістегі жазатайым оқиғалар. Ауадан ауыр күкіртсутек жер бетіне жақын жерде орналасып, улы бұлт түзеді.Оның ең жоғары концентрациясы ойпатты жерлерде, үйлердің жертөлелерінде, құдықтарда жиналады. Противогаздар құрамындағы улы зат 0,5-0,6 г/м3 кем болғанда ғана тыныс алу мүшелері мен көзді толық қорғауды қамтамасыз етеді.Күкіртсутегімен уланудың басқа ықтимал себептері:• Шахталарда газдың бөлінуі. Ол тас көмір қабаттарын игеру кезінде, күкіртсутек пен метанмен толтырылған ішкі қуыстарды ашу кезінде пайда болады. Желдету жеткіліксіз жабық кеңістікте орын алғандықтан, адамдар ауыр улану белгілерін сезінеді. Шахта жұмысшылары қолданатын өзін-өзі құтқарушылар токсикант мөлшері 1%-дан төмен болған жағдайда ғана тыныс алу мүшелерін қорғауға мүмкіндік береді.• Қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Улану газдың бөлінуімен зертханалық тәжірибелер жасағанда немесе қауіпті өндірістерде жұмыс жасағанда респираторларды пайдаланудан бас тартудан туындауы мүмкін.
Зертханаларда, шахталарда және өндірісте жұмыс жасағанда қауіпсіздік шараларын сақтау уланудың алдын алады. Қауіпті аймақтарда жұмыс жасайтын қызметкерлер респираторлармен, противогаздармен немесе өзін-өзі құтқарушы құралдармен қамтамасыз етілуі керек. Қорғаныс құралдары қауіп деңгейіне және токсиканттың ықтимал бөліну мөлшеріне сәйкес таңдалуы керек. Жеке қорғаныш құралдары жұмысшыға жақын жерде болуы маңызды. Олар оның белдігіне бекітілген болса жақсы.
Соңғы 5 жыл ішінде Ақтөбе облысының аумағында күкіртті сутегімен улану жағдайлары тіркелген жоқ.