
Нәрестелердің іріңді-септикалық инфекциялары - бұл жатырдағы нәрестеде және жаңа туылған балада белгілі клиникалық көріністермен сипатталатын инфекциялық аурулар.
Іріңді-септикалық инфекциялардың басым бөлігі анасынан жатырішілік жұғуынан болады және жаңа туылған нәрестенің әлі жетілмеген ағзасына ерекше қауіп төндіреді. Инфекцияның жұғуы болашақ ананың жүкті кезінде баспамен, несептік-жыныстық ауруларымен (эндометрит, кольпит, пиелонефрит ж.т.б.) ауыруынан және босанбастан бұрын уақытылы емделмеген жағдайда іштегі нәрестелерге әсерін тигізуінен болады. Сондай-ақ, жаңа туылған нәрестені күту (суға түсіру, құндақтау, емізу) кезінде анасының жеке бас гигиена ережелерін сақтамауынан да пайда болуы мүмкін.
2023 жылдың 1-ші тоқсанында облыстағы босандыру ұйымдарында жаңа туылған нәрестелер арасында іріңді-септикалық инфекциялары тіркелген жоқ, 2022 жылдың осындай уақытында іріңді-септикалық инфекциясының 1 жағдайы тіркелді («Жатыр ішілік пневмония»).
Нәрестенің және анасының денсаулығына орасан зиян тигізетін инфекциялық аурулардың алдын алу үшін, жүкті әйел өзінің және нәрестенің ағзасын қорғау үшін келесі алдын-алу шараларын орындауы қажет:
- жүктілікке уақытында дайындалу және жоспарлау;
- жүкті әйелдердің уақытында есепке тұруы және босанғанға дейін несептік-жыныстық жүйе ауруларын емдеу;
- нәрестеге күтім көрсету кезінде анасының перзентханада және үйінде жеке бас гигиенасын сақтау;
- нәрестенің науқаспен немесе инфекция тасымалдаушымен байланысын болдырмау;