Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс халқы арасында тағамнан уланудың алдын алу мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне және тұрғындарға тұрақты негізінде тағамнан уланудың алдын алу бойынша және қолданыстағы санитариялық ережелерді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Көктемгі-жазғы маусым айлары басталуымен тамақтан улану қауіпі артады.
Тағамнан уланудың алдын алу бойынша сақтық шараларды қолдану қажет:
-тағам сатып аларда қаптаманың тұтастығына, өндіру мерзіміне, жарамдылық және сақтау мерзіміне көңіл бөліңіз;
-қаптамада көрсетілген өндіруші ұсынған мерзімге дейін сақтаңыз;
-тағамды тек балғын өнімдерден дайындаңыз;
-тағам дайындау барысында температуралық режимді сақтаңыз;
-жеміс-жидектерді мұқият жуыңыз;
-тағам дайындау барысында жеке бас гигиенасын сақтаңыз;
Негізінен қысқы кезеңге дайындалған үй жағдайында дайындалған (саңырауқұлақтар, қиярлар, қызанақтар, кәділер және т.б.) консервіленген көкөністерге ерекше назар аудару қажет. Сапасыз консервіленген ауа кірмейтін, герметикалық жабық банкадағы көкөністерде ауру қоздырғыштарының өмір сүруі үшін қолайлы микробтар түсі, иісі жоқ және дәмі жоқ, жылан уынан 250-ден есе күшті токсиндер бөледі. Бұл токсиндер ағзаға енген жағдайда дені сау ағзада ауыр «Ботулизм» ауруы туындап, асқынуынан өлімге әкелуі мүмкін. Консерві қақпағы сәл көтерілуі (бомбаж) байқалса немесе өнімнің сапасына қандайда бір күдік туындаса өнімді қолданудан бас тартыңыз.
Көшелерден және базардан үйде дайындалған консервілерді, сондай-ақ үйде дайындалған ет және балық өнімдерін сатып алудан сақтаныңыз. Дүкендерден қақпағы көтерілген немесе күмәнді басқа да өнімдермен консервілерді сатып алмаңыз.
Өкінішке орай, соңғы уақытта көптеген адамдар әлеуметтік желілер арқылы үй жағдайында дайындалған тағам өнімдеріне (торттар, тоқаштар, суши, чебуректер,салаттар, нан өнімдері және т.б.) тапсырыс беруді әдетке айналдырған, себебі бұл ыңғайлы және кафе немесе мейрамханаларға тапсырыс бергеннен әлдеқайда арзан. Әлеуметтік желілерден тағам тапсырыс бермес бұрын, тағамның қайда, қалай және кіммен дайындалатынын ойланыңыз. Тағам өнімдері лас, дайындауға қажетті қарапайым жағдайы жоқ бейімделген үй-жайларда, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тағам өнімдерінен және т.б.. дайындалуы және шикі және дайын тағам өнімдеріне бір ыдыс қолданылуы мүмкін. Ал, тағам дайындайтын адам Сізге және сіздің балаларыңыздың денсаулығына қауіп келтіретін инфекциялық аурумен ауыратын немесе бактерия тасымалдаушы болуы мүмкін.
Сіздің осындай жағдайға ұшырамауыңызға ешқандай кепілдік жоқ. Өз денсаулығыңызбен балаларыңыздың денсаулығын тәуекелге тігуге тұрарлық ба? Егер, Сіздің ауруыңызға әлеуметтік желі арқылы тапсырыспен алынған тағам өнімдері себепші болған жағдайда әлеуметтік желідегі белгісіз тұлға жауапкершілікті мойнына алады ма?. Ойланыңыз!
Тағамнан улануға күдік туындаса тез арада қажетті медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгіну қажет, өздігіңізден ем алмаңыз.