
Созылмалы вирусты гепатит – бұл бауырдың зақымдануымен жүретін, созылмалы жұқпалы ауру. «В» және «С» вирустық гепатиттер ең ауыр түрде өтеді. Жиі асқыну салдарынан бауыр энцелофалопатиясы, үдемелі бауыр циррозы, алғашқы гепатотіндік бауыр обырына әкеліп соқтырады.
Жұқтыру жолдары – парентеральдық (қан құю, сілемейлі қабықтар мен тері жамылғыларының зақымдалуымен қоса жүретін манипуляциялар, шағын жарқаттар арқылы тұрмыстық жанасу), жыныстық қатынас, сондай-ақ жұқтырған анасынан балаға босану жолдарынан өту кезінде беріледі.
Тұрмыстық жанасу кезінде, яғни қарапайым жеке бас гигиенасы құралдарын пайдалану кезінде (тарақ, тіс щеткасы, маникюр құралдарын қолдану кезінде, қырынуға арналған құралдарын қолдану кезінде) жұқтыруға болады.
2023 жылдың 2 ай қорытындысы бойынша созылмалы вирусты гепатитпен 91 жағдай тіркелді. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 1,5 есеге көбейген. Соның ішінде дельтасы бар созылмалы «В» вирусты гепатит - 3 жағдай, дельтасы жоқ созылмалы «В» вирусты гепатит - 30 жағдай, созылмалы вирусты гепатит «С» - 58 жағдай тіркелді.
«В» және «С» вирусты гепатиттерін жұқтырмаудың қорғаныс шаралары:
- «В» вирустық гепатиттің алдын алу үшін екпе алыңыз;
- ешқашан есірткі тұтынбаңыз;
- косметикалық шаралар: татуировкалар, пирсинг, маникюр, педикюрді жасату алдында жүргізуге арнайы лицензиясы мен рұқсаты бар мекемелерде ғана жасатыңыз;
- жеке бас гигиеналарының қауіпсіздігі үшін өз құралдарыңызды пайдаланыңыз: ұстара, қайшы, маникюрге арналған құралдар, тарақ, сүлгі, т.б.;
- егер өзіңізде вирусты гепатит анықталған болса, тіс дәрігері және басқа да емдеу дәрігерлеріне өзіңізде вирустық гепатит бар екенін айтыңыз.