Вирусты гепатит «А» - бұл кең таралған инфекциялық ауру, тұрмыстық жанасу және алиментарлы (залалды су және тағам арқылы) жолдарымен беріледі.
Вирусты гепатит «А» ерекшелігі - қоршаған ортаға төзімді: вирус бөлме температурасын бірнеше апта және ай сақталады, ал 4 ºС – бірнеше ай немесе жыл сақталады.
Қоздырғыш - адам организіміне тамақ, су, күнделікті пайдаланылатын заттар, ойыншықтар арқылы түседі, үйдің антисанитарлық жағдайы, жеке бас гигиенасын сақтамау арқылы аурудың таралуына жол беріледі.
Ақтөбе облысы бойынша вирусты гепатит «А» аурушандылығының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.
2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста «А» вирусты гепатитпен 10 адам науқастанған, ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда – 1,10. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдай тіркелді.
Инфекцияның алдын алудың ең тиімді тәсілі вирусты гепатит «А» қарсы вакцинация алу болып саналады. Вакцинация 2 жастағы балаларға жасалады.
Вирусты гепатит «А» алдын алу шаралары: