Ақтөбе облысында карантинді бұзғаны үшін 85 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Ақтөбе облысында карантинді бұзғаны үшін 85 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Мобильді мониторингтік топтардан (ММТ) және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабы 1- тармағы бойынша анықталған бұзушылықтарға  85 746 435 теңге көлемінде  848 айыппұл салынды.  

Оның ішінде, қоғамдық тамақтандыру объектілері бойынша 31 078 670 теңгеге 226 айыппұл салынды.

Шектеу шараларын бұзғандар қатарында мейрамханалар, дүкендер, лаундж бар және тағы басқа нысандар бар. Соңғы аптада (2021 жылдың 10-16 қыркүйек аралығында) карантин режимін бұзушылық бойынша 38 материал түсті (ММТ – 18, жергілікті полиция қызметінен – 20, КЦ – 0). Оның ішінде 20 материал қаралды, қалған 18 материал жұмыс үстінде.

Ақтөбеде шектеу шараларын бұзатындар қатары азаймай тұр. Той жасап, өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін қауіпке салмауға шақырамыз.

Өткен аптада шектеу шараларын бұзғандарға тиісті әкімшілік шаралар қолданылды,  атап айтқанда:

Салтанатты іс-шара өткізгендері үшін екі рет «Алаша» мейрамханасы, «1001 түн», «Байтерек», «Колезей» мейрамханаларына да айыппұлдар салынды.

Бетперде режимін сақтамағаны үшін «Анвар» супермаркеттеріне және АЗФ «Компас» дүкеніне, «Алкомаркет» дүкеніне, «Пивмаркет» дүкеніне әкімшілік шаралар қолданылды.

Карантин режимін сақтамағаны үшін үш рет «Мерей», «Мега Шығыс» сауда үйлеріне айыппұлдар салынды.

Сонымен қатар бұзушылықты жою жөнінде ұйғарымдар берілді.